Конференцияның бір күні ішінде сіз әлеуметтік медиа аналитикасы маркетингті, PR және клиенттерге қолдау көрсетуді тиімдірек етуге қалай көмектесетінін білесіз, әріптестеріңіздің табысты кейстерін ескересіз, осы нарықтың негізгі ойыншыларымен танысасыз және Қазақстандағы әлеуметтік желілердің жаңа зерттеуін "өзіңізбен бірге ала кетесіз".
Конференция туралы
Сізді Brand Analytics Conference конференциясында күтеміз!
Brand Analytics Conference – Қазақстан Республикасындағы және Орталық Азиядағы бизнес мүддесі үшін әлеуметтік желілерді талдаудың барлық аспектілеріне арналған әлеуметтік медиа аналитикасы жөніндегі алғашқы индустриялық конференция.
Конференцияға қатысушылар арасында брендтердің, коммуникациялық агенттіктер мен зерттеу компанияларының, әлеуметтік желілердің өкілдері және технологиялық шешімдердің вендорлары бар.
Өзекті тақырыптар – тиімді бизнеске арналған әлеуметтік медиа аналитикасы, қазақстандық компаниялардың жаңа кейстері, аналитикаға арналған ML-шешімдер және Қазақстанның әлеуметтік желілерінің жаңа зерттеуі.